Хоккей мен волейболдан жарыс өтті

Астананың 20 жылдығына арналып Қарғалы ауданында хоккей және волейбол ойындарынан жарыс өтті.

Сенбі күні аудан орталығында хоккейден жарыс  ұйымдастырылды. Сайысқа аудан бойынша  жеті команда қатысты. Бірінші орынды аудандық агротехникалық колледжі алса, екінші орынды  өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды Бадамша балалар және жасөспірімдер спорт мектебі иеленді. Ал Қосестек, Ащылысай ауылдық округінен келген командалар белсенділігімен көзге түсті.

—  Ауданда қысқы спорт түрлерінің дамып келе жатқаны қуантады. Әсіресе жастардың белсенділігі жоғары. Командалардың барлығы күннің суықтығына қарамастан бар күштерін салып ойнады. Бұндай жарыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылады, — деді аудандық спорт бөлімінің басшысы Рүстем Қопаев.

Жексенбі күні Қосестек ауылында волейболдан жарыс өтті. Сайыста  тоғыз команда сынға түсті. Таңертең басталған жарыс қызу таласқа ұласып, кешке дейін созылды. Нәтижесінде бірінші орынды Қарғалы аудандық төтенше жағдайлар командасы алса,  екінші орын — Қосестек ауылдық округі, ал үшінші орынды Ақтөбеден келген «Ақтөбе сити» командасы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. Жарысты өткізуге Қосестек ауылдық округінің әкімдігі ұйытқы болды.

К.СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

 

Источник