Спартакиада турнирге жалғасты

Алға аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шара «Мәңгілік ел» тақырыбында театрландырылған көрініспен ашылды. Бұдан кейін Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров тұрғындарды Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ азаматтарды марапаттады. Сондай-ақ Атырау қаласында өткен ұлттық жекпе-жек спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионатының жеңімпазы, жерлесіміз Бағдат Жұбанышқа  Алғыс хат табыс етті.

Шара аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мереке күні Есет батыр атындағы спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай аудан әкімінің жүлдесі үшін мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері арасында аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты болып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шаxмат пен дойбыдан аудандық турнир өтті.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Источник