Қызылорда да кезекті рет математик А.Жұмаділдаев жүлдесі табысталды (фото)

Қызылорда қаласында белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,  ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік және халықаралық Гумбольд сыйлықтарының иегері А.Жұмаділдаев атындағы математика саласында үздік жетістік көрсеткен жастарға арналған жүлде табысталды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Қызылорда да кезекті рет математик А.Жұмаділдаев жүлдесі табысталды (фото)

Асқар Жұмаділдаев. Фото: NUR.KZ.

Қала әкімі Н.Нәлібаевтың тікелей бастамасымен ұйымдасырылған «Үздік жас математик» байқауы биыл 5 мәрте өткізіліп, арнайы ұйымдастырылған сайысқа математика саласында үздік жетістік көрсеткен 70-ке жуық жастар бақ сынасты.

Академик А. Жұмаділдаев сайыс қорытындысымен лайық деп танылған 10 жастың әр қайсысына, қала әкімі тағайындаған 100 мың теңге жүлдені және арнайы сертификатты өз қолымен табыс етті.

Құрметті қонақты қала әкімі Н.Нәлібаев жеке қабылдап, алғыз сөздерін білдірді.

Қызылорда да кезекті рет математик А.Жұмаділдаев жүлдесі табысталды (фото)

Жүлде алған үздіктер. Фото: NUR.KZ

«Асқар Серқұлұлы қазақ елі үшін қашанда шоқтығыңыз биік, Сіздің әрбір сөздеріңізден қаншама жас өздеріне өмірлік азық, тәлім тәрбие мен өнеге алатыны ақиқат. Бұл жүлдені Сіздің атыңызбен атауымыздағы басты мақсат - Өзіңіздей тұлғаның ізін қусам, сол арқылы тек қана өңіріміздің ғана емес тұтас елімізде ғылым саласын дамытсам деген жастарға қолдау көрсетсек деген оймен қолға алған болатынбыз. Бұл бүгінде біздің жастар асыға күтетін, жағымды дәстүрге айналып үлгерді. Жыл сайын ұйымдастырылатын осы сайысқа уақыт тауып, Өзіңіз арнайы келіп қатысуыңыз біз үшін де жас қызылордалықтар үшін де үлкен мәртебе», - десе, А.Жұмаділдаев өз кезегінде Сыр жастарына деген қамқорлығы және шынайы жанашырлығы үшін қала әкіміне деген ризашылығын жеткізді.

Қызылорда да кезекті рет математик А.Жұмаділдаев жүлдесі табысталды (фото)

Көрермендер. Фото: NUR.KZ

Ғалымның Сыр еліне сапары «Болашақ» университетінде қаламыздағы математиктер қауымымен кездесу және жас мамандарға арналған лекциясымен жалғасын тапты.

2013 жылдан бастау алған «А.Жұмаділдаев» атындағы жастарға арналған бұл жүлдені бүгінгі күнге дейін қызылордалық 40 жас иеленген.

Академик, лекция соңында жас математиктерге келесі жылы аталып өтілетін Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған  шараларға қатысатындығын және 4 есепті үй тапсырмасы ретінде қалдырып, сол кезде есептердің шығарылу жолы мен дұрыстығын сұрайтынын ескертті.

Читайте также:

Девушку-депутата из Рудного осудили за сводничество и содержание притона>>

Убийцу Назерке Арип ранее освободили за хорошее поведение>>

Юрист рассказал, чем грозит разглашение персональных данных>>

В Алматинской области при столкновении грузового фургона и легковушки погиб один человек (фото)>>

Подросток погиб на шведской стенке на глазах у матери в Шахтинске>>

Источник